«Парасатты отбасы» онлайн-байқауының ережесі - Положение онлайн конкурса "Парасатты отбасы"
|
«Парасатты отбасы» онлайн байқауының
Ережесі
Жалпы ереже
1.1 Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті және Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Парасатты отбасы» онлайн байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізеді.
1.2 Облыстық байқауға парасатты, қоғамда белсенді, ой-өрісі кең, ізденімпаз оқушылар мен білімгерлер өз жанұясымен қатыса алады.
2.Байқауға қатысу шарттары
2.1. Байқауға Шығыс Қазақстан облысының әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын отбасылар қатыса алады.
2.2. Байқауға қатысушы отбасылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына назар аударылады.
2.3. Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылық, адамгершілік үлгілерін көрсететін 4-5 минуттық сапасы жоғары ролик дайындайды. Аталған роликті әлеуметтік желілерде ортақ хэштегпен (1-қосымша) тегтеп орналастырады.
3.1. Байқаудың ережесі өңірлік бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланады.
3.2. Байқауға қатысушылардың өтінімдері мен ұсынылған роликтері төмендегі критерийлерге сәйкес болуы керек:
1) роликтің ішкі мазмұнының тақырыпқа сәйкес болуы;
2) роликтің негізгі идеясының ерекшелігі;3) такырыптың негізгі идеясын аша білуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы үлесі.
3.3. Байқауға қатысатын жұмыстар мен үлгіге сай өтінімдер (2-қосымша) тиісті аумақтағы Білім басқармасының электрондық поштасына 2020 жылғы
26 қазанына дейін жолданады. Байқау жеңімпаздары бойынша қазылар алқасының қорытындысы а.ж. 30 қазанына дейін Білім басқармасы мен «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ресми әлеуметтік парақшаларында жариялануы қажет.
3.4. Қорытындылау кезеңінде қазылар алқасы үздік деп таныған отбасылар анықталады (1 орын, 2 орын, 3 орын) және құнды сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, жүлделі орындарға ілікпей қалғандар арасынан
«Үздік оқырман отбасы», «Зейінді отбасы», «Көптілді отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы», «Жомарт отбасы», «Саяхатшы отбасы», «Өндірістегі үздік отбасы», «Дәстүрге берік отбасы» номинациялары бойынша отбасылар таңдалып, алғыс хаттармен марапатталады.
|
Положение онлайн конкурса
«Парасатты отбасы»
Общие положения
1.1 Департамент Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции по Восточно-Казахстанской области и Управление образования Восточно-Казахстанской области руководствуясь Антикоррупционной стратегией Республики Казахстан на 2015-2025 года, а также в целях пропаганды семейных ценностей, формирования и укрепления семейных отношений, развития добропорядочной личности в современных условиях проводит онлайн конкурс «Парасатты отбасы» (далее – конкурс).
1.2 В областном конкурсе могут участвовать семьи добропорядочных, активных в общественных мероприятиях учеников и студентов.
2.Условия участия в конкурсе
2.1. В конкурсе могут участвовать семьи, работающие в разных сферах в Восточно-Казахстанской области.
2.2. Принимается во внимание антикоррупционная культура и гражданская позиция семей участников в конкурсе.
2.3. Участники в социальных сетях подготавливают 4-5 минутные высококачественные видеоролики, описывающее добропорядочность. Данный ролик размещается в социальных сетях под общим хэштегом (приложение 1).
- Правила проведения конкурса
3.1. Положение конкурса публикуется в региональных средствах массовой информации.
3.2. Заявки участников конкурса, предоставляемые ролики должны соответствовать следующим критериям:
1) соответствие содержания ролика теме конкурса;
2) креативность основной идеи ролика;3) раскрытие основной идеи ролика, роль в формировании антикоррупционной культуры.
3.3. Работы, участвующие в конкурсе, и заявки, соответствующие образцу (приложение 2), направлются на электронную почту соответствующего Управления образования до 26 октября 2020 года. Решение жюри по определению победителей необходимо публиковать на официальных страницах Управления образования и регионального проектного офиса «Шығыс – Адалдық алаңы» в срок до 30 октября т.г.
3.4. По решению жюри определяются семьи-победители (1 место, 2 место,
3 место) и награждаются ценными подарками. Кроме того, среди не занявших места, отбираются семьи и награждаются грамотами по номинациям «Үздік оқырман отбасы», «Зейінді отбасы», «Көптілді отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы», «Жомарт отбасы», «Саяхатшы отбасы», «Өндірістегі үздік отбасы», «Дәстүрге берік отбасы».