«Шығыс - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде Алтай ауданының әкімі К.Байгонусовтың аудан тұрғындарымен кездесулері үнемі өткізіліп тұрады
19-10-2020, 08:18
Сервистік әкімдіктің жұмысы «ашық кеңістік» және фронт-офис форматында жүзеге асырылады, сол арқылы мемлекеттік органдардың азаматтар үшін ашықтығы, айқындығы мен қол жетімділігі қамтамасыз етіледі.
Бұл жолы тұрғындар тұрғын үй проблемаларына қатысты сұрақтар қойды: жалдамалы үйде, проблемалы үйде тұру.
Аудан әкімі оны қабылдауға келгендердің барлығын мұқият тыңдады, олардың әрқайсысына өз сұрақтары бойынша толық түсіндірмелер берілді.